• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Бөрлі ауданында соңғы жылдары 7 медициналық пункт пайдалануға берілді

Бөрлі ауданында 2023-2026 жылдары бірнеше медициналық мекеме пайдалануға тапсырылды.
Бөрлі ауданында соңғы жылдары 7 медициналық пункт пайдалануға берілді
Сурет "ЖИ" (gemini) көмегімен жасалды

Бөрлі ауданында 2023-2026 жылдары жеті медициналық мекеме салынды. Игі бастама «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Құрылыс жұмыстары бюджет қаражаты есебінен жүргізілді.Бұл туралы Бөрлі ауданының әкімдігі хабарлады.

Бөрлі ауданы таратқан ақпаратқа сүйенсек, Ақбұлақ және Қарағанды ауылдарында екі фельдшерлік-акушерлік пункт, Аралтал ауылында бір дәрігерлік амбулатория мен
Жаңақоныс, Ақсу, Облавка және Қарақұдық ауылдарында –төрт медициналық пункт бой түзеді.

Сондай-ақ, 2023 жылы Бөрлі ауылында «Ауылым-ел бесігі» бағдарламасы аясында дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеу көрді. Жаңарған ғимарат тұрғындарға сапалы медициналық көмек алуға мұрындық болды.

Биыл Ақсай қаласында аудандық аурухананың жанынан жапсарлас ғимараттардың құрылысы жүріп жатыр. Мұнда үш ғимарат бой  түземек. Жаңа салынатын нысандар перзентхана мен клиникалық-диагностикалық бөлім ашылмақ. Ауруханада МРТ және ангиограф орнатылып, кардиология және травматология бөлімдері дамып, жан сақтау бөлімінде төсек орны көбеймек.
Жапсарлас ғимараттарды салуға төрт миллиард теңге жұмсалады. Жаңа ғимараттардың арқасында аудандық аурухана көпбейінді медициналық мекемеге айналады. Техникасы мен ғимараты көп медициналық мекемеден Шыңғырлау, Қаратөбе мен Сырым, Бөрлі ауданының тұрғындары саулығы сыр берсе дәрігерге қаралып, тиісті ем-домын ала алады.

Қазіргі таңда ғимараттарды «Альтаир» компаниясы салып жатыр. Құрылыс жұмыстарын аймақ басшысы әлсін-әлсін бақылап, оның орынбасалары мен аудан әкімдігі қадағалап отыр. Дәл осындай жоба өңірде Казталов ауданында жүзеге асып жатыр. Мұнда да жапсарлас ғимараттардың құрылысы жүріп жатыр.

Ақсайда орналасқан аудандық аурухана 1998 жылы ашылды. Емдеу мекемесі 58 тұрғын мен шетелдік компанияларда жұмыс істейтін он мыңнан астам жұмысшыға қызмет көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жылдары Бөрлі ауданында денсаулық сақтау нысандарынан өзге мәдениет ошақтары да күрделі жөнделіп, Оқушылар сарайы мен балаларға арналған оңалту орталығының құрылысы жүріп жатыр. Ауданда өткен жылы үш мәдениет үйі жөнделді. Бумакөл, Жарсуат және Кентүбек ауылының тұрғындары жаңарған мәдениет ошағының шарапатын көруде. Бұдан бөлек, Ақсай қаласында да аудандық мәдениет үйі жөнделді. Ауданда мәдениет үйілерінен бөлек кітапханаларда қайта жаңғыртудан өтті. Игі бастама «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Кітапханаларды модернизациялау» жобасы аясында жүзеге асты. Бөрлі ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Ақсай қаласының №4 қалалық кітапханасы мен Пугачев ауылдық модельді кітапханасында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи талаптарға сай жаңғыртылды.