• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтеді

Сайыс ақын Қадыр Мырза Әлиді еске алуға арналған.
Оралда тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтеді
Сурет "ЖИ" (chatgpt) көмегімен жасалды

Оралда тұңғыш ретқазақтың ақыны, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлиді еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтеді. Сайыс 22 қараша мен 26 қараша аралығында ұйымдастырылмақ. Халықаралық сайыс «Жайық Арена» спорт кешенінде өтеді.

— Зияткерлік бәсекеге шетелдер мен еліміздің бірқатар өңірінен 400-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Халықаралық турнирге Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Түрікменстан және Ауғанстан елдерінің өкілдері қатысады. Сонымен қатар Қазақстан атынан Павлодар, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарынан және Батыс Қазақстан облысының аудандарынан келген спортшылар бақ сынайды, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі.

Басқарма таратқан ақпаратқа сүйенсек, Ақжайық өлкесінде Қадыр ақынды еске алуға арналған тоғызқұмалақтан алты рет республикалық сайыс өтті. Соңғы жарыс өткен жылы ұйымдастырылды.