Синоптиктер 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» мекемесінің таратқан ақпарына сүйенсек, сәрсенбіде Оралда жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы 1-3 градус нөлден төмен болса, күндіз күн райы +13+15 градусқа дейін жылынбақ. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады деп күтіледі.
Атырау қаласында 28 қазанда күн ашық, жауын-шашын күтілмейді. Синоптиктер түнде ауа температурасы +2+4 градус, күндіз 16-18 градус жылы болмақ. Жел шығыстан соғады.
Ақтөбе шаһарында да күн ашық, түнде -4-6 градус аяз болып, күндіз күн райы +12+14 градус жылы болмақ.
Синоптиктер Ақтауда 28 қазанда жауын-шашын жаумайды деп хабарлады. Сәрсенбіде түнде ауа температурасы +4+6 градус жылы, күндіз +17+19 градус болмақ.