31 қазанда облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді. Сенбіде батысқазақстандық қыз-келіншектер сүт безінің обырына тексеріле алады.
Онколог дәрігерлер тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, қажетті медициналық тексерістен өткізеді.Іс-шара барысында МӘМС мәртебесі тексерілмейді, сондықтан бәріне бірдей қатысуға болады.
Ашық есік күні таңғы сағат 09:00-де басталып, түскі сағат 13:00-ге дейін жалғасады.
Облыстық онкологиялық диспансер Орал қаласы, Алматы көшесі, 59-мекенжайында орналасқан.