• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

5 қазан - Ұстаздар күні

Қазақстандық ұстаздар кәсіби мерекесін тойлауда.
5 қазан - Ұстаздар күні
Сурет "ЖИ" (gemini) көмегімен жасалды

5 қазан- дүниежүзілік ұстаздар күні. Қазақстандық мұғалімдер де бұл күні кәсіби мерекесін тойлайды. Бұрындары кәсіби мереке қазанның алғашқы жексенбісінде тойланды. Бірақ 2023 жылы өзгерістер енді. Содан бері ұстаздар кәсіби мерекесін бесінші қазанда тойлауда.

Оқу-ағарту министрлігінің таратқан ақпарына сүйенсек, қазір елімізде 600 мыңға жуық педагог білім беру саласында жұмыс істейді. Олар мектеп, мектепке дейінгі және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарында сабақ береді. 420  мыңға жуық мұғалім мектепте жұмыс істейді. Ал балабақшаларда 104 мыңнан астам ұстаз, колледжерде 42 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Мұғалімдердің басым көпшілігі әйел адамдар екен.

- Педагогтер арасында көпжылдық тәжірибесі бар мамандардың үлесі де жоғары. Мектептерде 53 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан асады. Тағы 73 мыңнан астам педагог білім беру саласында 20 жылдан 30 жылға дейін еңбек етіп келеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда бес мыңнан астам, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 4 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан жоғары, - деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Кәсіби мерекемен ұстаздарды құттықтап жатқан жандар көп. "Мой город" ақпарат агенттігі де мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтайды!