Ақтөбеде заңсыз берілген жер телімдері мемлекеттің еншісіне қайтарылды. Үкіметке 94 гектардан асатын жер учаскесі қайтарылды. Оның жалпы құны 1,7 миллиард теңгені құрайды. Бұл туралы Ақтөбе облысы прокуратурасы хабарлайды.
Прокурорлар шаһар аумағында жер заңнамасының сақталуын тексерген. Тексеріс нәтижесінде участоктарды конкурссыз берген деректер анықталыпты. Тіпті атқамінерлер жалдау шарты жарамсыз деп танылған жерлерді мемлекетке қайтару бойынша уақытылы тиісті іс-шараларды қабылдамапты.