• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде дарынды балаларды ерте анықтауға арналған жоба іске қосылмақ

Ақтөбелік дарынды өрендерді DARA жобасы аясында іріктейді.
Ақтөбеде дарынды балаларды ерте анықтауға арналған жоба іске қосылмақ
Сурет chatgptь көмегімен жасалды

Ақтөбе облысында дарынды өрендерді ерте анықтап, оларды бағыттау үшін жаңа жоба іске қосылмақ. Бұл туралы Ақтөбе облысы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа жоба DARA деп аталады. Ол оқушының интеллектуалды, шығармашылық және көшбасшылық қабілетін анықтап, дамытуға ат салысады.

Жоба білім беру ұйымдарында кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Алғашқы кезек 2026-2027 оқу жылында 5-6 сынып оқушылары, ал облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарында 6-7 сынып оқушылары қамтылады.

ІІ кезең 2027-2028 оқу жылы 5-6 және 7-8 сынып оқушылары қамтылмақ. ІІІ кезең 2028-2029 жылдары жүзеге аспақ. 5-6, 7-8 және 9-11 сынып оқушыларын қамтылады деп күтілуде.