Ақтөбеде қағаз бен картонды қайта өңдейтін зауыт іске қосылмақ. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Қазіргі таңда өндіріс ошағының құрылысы жүріп жатыр. Жобаны «CAPITAL PLAST KZ» ЖШС жүзеге асырмақ.
Министрлік кәсіпорын жобалық қуатына шыққаннан кейін гофрлауға арналған қағаз өндірісі жылына 18 мың тоннаға дейін, ал тегіс қабаттарға арналған картон өндірісі 24 мың тоннаға дейін жетеді деп жоспарлапты.
Жобаның жалпы құны 10,3 миллиард теңгені құрайды. Жоба «Жасыл даму» акционерлік қоғамы қаржыландырмақ.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Алаңда іргетас құю, қойма салу және қадаларды орнату жұмыстары жүріп жатыр. Қазандық салынып бітті. Кәсіпорынды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған, –– деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Зауыт толыққанды іске қосылғанда 300-ден астам адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Өндіріс ошағы қағаз бен картонды қайта өңдеп, өңделген макуратураның санын арттыруға мүмкіндік береді.