• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде құны 1,3 млрд теңге болатын емхананың құрылысы басталды

Жаңа медициналық мекеме Ырғыз ауданында бой түземек.
Ақтөбеде құны 1,3 млрд теңге болатын емхананың құрылысы басталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбе облысында жалпы құны 1 миллиард 328 теңгені құрайтын емхананың құрылысы басталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімдігі хабарлады. Жаңа медициналық мекеме Ырғыз ауданында бой түземек. Қыруар қаржы республикалық бюджеттен бөлінген.

Жаңа емхана күніне 300 адамды қабылдауға қауқарлы болмақ. Ғимарат аудандық аурухананың жанынан жапсарлас мекеме ретінде салынады.

Әкімдік таратқан ақпаратқа сүйенсек, осы құрылыстың бас мердігері ретінде  АқОрда Корпорациясы», бас жобалаушысы - «Redline Pro» ЖШС танылған.