• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтауда травматикалық қару қолданған адам сотталды

Заң бұзған адам масаң күйде болып, заңсыз сақталған қарумен оқ атқан.
Ақтауда травматикалық қару қолданған адам сотталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтауда травматикалық қару қолданған адам бес жыл, алты айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Сотталған масаң күйде болып, қоғамдық тәртіпті бұзып, заңсыз сақтаған 9 мм калибрлі «RETAY XR» маркалы қайта өңделген травматикалық тапаншамен зардап шеккен адамды атып жіберген.

Сотталушы өз кінәсін мойындапты. Судья сотталушыны кінәлі деп тауып, жазасын орта қауіпсіздігі бар түзету мекемесінде өтеу керек ұйғарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Главный баннер --> after article