• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде 11 жүргізуші мас күйінде көлік басқарған

Полиция қызметкерлері көлік басқару құқығын айырылған жүргізуші мас күйінде рөлге отырғанын айтады.
Ақтөбеде 11 жүргізуші мас күйінде көлік басқарған
Видеодан стоп кадр

Ақтөбеде демалыс күндері 11 жүргізуші мас күйінде темір тұлпар басқарған. Заң бұзғандардың арасында бұрын көлік басқару құқығын айырылып, мас күйінде рульге отырған жүргізуші де бар. Ол заң талаптарын елеп-ескермеген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Ақтөбенің полиция қызметкерлері өткен демалыс күндері жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасырын патрульдеп, дрондарды қолданған. Нәтижесінде жол жүру ережесін бұзған 53 көлік арнайы тұраққа қойылыпты.

Главный баннер --> after article