• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

«Атырау-Астрахань» тас жолы жөндеуден соң ашылды

Жол салу жұмыстары аяқталып, "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" тас жолының 653-700 шақырымы пайдалануға берілді.
«Атырау-Астрахань» тас жолы жөндеуден соң ашылды
Видеодан стоп-кадр

22 желтоқсанда республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының 653-700 шақырымы жөндеуден соң ашылды. Облыстық полиция департаменті жібі түзу тас жолда көлікті тізгіндейтін жылдамдықтың да артқанын хабарлады. Бұрындары осы жолда 60 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат еді. Қазіргі таңда көлікті 100 шақырым жылдамдықпен басқаруға болады.

Тәртіп сақшылары темір тұлпар тізгіндеген жүргізушілерге жолда сақ болуға, жылдамдықты асырмауға, басып озу кезінде абайлауды ескертеді.

Главный баннер --> after article