Атырауда ортақ мүлікке залал келтіріп, үйдің алдына түкірген тұрғын жауапқа тартылды. Іс Атырау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды. Сотта тұрғынның кінәсі толық дәлелденді.
Үйдің алдына түкірген тұрғын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабының бірінші бөлігімен кінәлі деп танылды.
Сот қаулысымен оған 30 275 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.