• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Атырауда бекіре зауыты заңсыз уылдырық сатып алмақ болған

Облыстың прокурорлары мемлекеттік сатып алудың күшін жойыпты.
Атырауда бекіре зауыты заңсыз уылдырық сатып алмақ болған
Автордың фотосы

Атырауда бекіре балық өсіру зауыты заңсыз уылдырық сатып алмақ болып, тендер жариялаған. Келісім құны 147,4 миллион теңгені құрапты. Бұл туралы бас прокуратура хабарлайды.

Зауытқа бекіре тұқымдас балықтарының уылдырығын сатып алуына заңмен тыйым салынған. Бірақ соған қарамастан кәсіпорын заңды тұлғалардан нарықтық бағада уылдырық сатып алмақ болыпты.

Прокурорлар мемлекеттік сатып алудың күшін жойыпты. Осының арқасында 147 миллион теңге бюджет қаражаты үнемделді.

Главный баннер --> after article