Атырауда тілсіз жау "Нұрсая" ықшам ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде тіркелді. Қызыл жалын көпқабатты баспананың үшінші қабатында тұтанған. Өрт сөндірушілер қатты түтінге байланысты төртінші қабатты тұратын жеті жасар баланы баспалдақпен жерге түсіріпті.
Өрттің кесірінен үйдің 45 тұрғыны өздігінен қауіпсіз жерге шығыпты. Оның ішінде 15 бала бар. Ведомство өкілдері зардап шеккендер жоқ деп сендірді.