• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Атырауда өрт сөндірушілер 25 адамды эвакуациялады

Қызыл жалын бес қабатты үйдің үшінші қабатында тұтанған.
Атырауда өрт сөндірушілер 25 адамды эвакуациялады
Фото "МГ" ақпарат агенттігінің мұрағатынан

Атырауда өрт сөндірушілер 25 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Эвакуацияланғандардың ішінде бес бала бар. Қызыл жалын облыс орталығында Баймұханов көшесінде тіркелген. Тілсіз жау бес қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің балконында тұтанған. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды қысқа мерзімде сөндіріп үлгерген. Соның арқасында тілсіз жау өзге аумаққа таралмапты. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Главный баннер --> after article