• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы халықаралық театр фестивалі басталды

Биыл фестиваль үшінші мәрте ұйымдастырылды.
Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы халықаралық театр фестивалі басталды
Атырау облысы әкімдігі жариялаған видеодан стоп кадр

Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ халықаралық театр фестивалі басталды. Өнер сайысында Қазақстан, Қырғыстан мен Қарапалақстанның 11 театры бақ сынайды. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өнер ұжымдары бес күн бойы қазақтың көрнекті қаламгерінің драматургиялық мұрасын паш ететін қойылымдарды көрермен назарына ұсынбақ. Салтанатты рәсім Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында өтті.

Көрермендер фестиваль аясында 12-16 қазан аралығында спектакльдарды тамашалай алады.

Фестиваль аясында спектакльдер 12-16 қазан аралығында Махамбет атындағы театрда және Атырау жастар театрында өтеді. Қойылымдарды отандық және шетелдік театр өнерінің мамандарынан құралған кәсіби қазылар алқасы бағалап, үздік шығармашылық жұмыстарды анықтайды.