БҚО жаңалықтарын қазақ тілінде оқыңыз

Орал қаласында журналистердің жас командасы қазақ тілінде www.batysnewskz.kz жаңалықтар порталын ашты. batysnews Бұл толықтай қазақ тілді жаңалықтар сайтын құру бойынша алғашқы жоба. Енді қала және облыс тұрғындары жедел жаңалықтарды қазақ тілінде оқи алады. Журналистердің өздері былай дейді: «Қаладағы бұқаралық ақпарат құралдарының барлығы дерлік орыс тілінде жұмыс жасайды, ал орыс тілінде оқымайтын адам қалайша айналысында болып жатқан оқиғаларды білуі тиіс? Қалайша ол өз пікірін білдіре алады? Өз ойын басқалармен қалай бөлісе алады? Қарап отырсақ бұл мүмкін емес. Біз оны дұрыс емес деп санаймыз. Осы жобаны құра отырып, біз осы мәселені шешкіміз келді. Қазақ тілінде газет шығару өте қымбат, содан біз интернет арқылы жұмыс жасап көрейік деп шештік. Жобамыз біздің қоғаммен қабылданатынына шынайы сенеміз. Сайтта жарнама орындарының көптігіне алдын ала кешірім өтінеміз, бос орын болмауы үшін, бізге бірнеше баннер ұсынған «Мой ГОРОД» редакциясына рахмет, бұл жоба дамып, әрекет етуі үшін қажет. Біздің жоспарымыз - сайтымызды қаланың негізгі орыс тілді жаңалық қорларымен бір деңгейге жеткізу. Және сіздің көмегіңізбен біз оны жасаймыз. Қазақ тілінде оқиық!».
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp