• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да 277 адам тұрғын үй сертификатын алды

Сертификатқа ие болғандардың ең көбі Орал қаласында тіркелген.
БҚО-да 277 адам тұрғын үй сертификатын алды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Биыл Батыс Қазақстан облысында 277 адам тұрғын үй сертификатын алыпты. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасы хабарлады. Берілген тұрғын үй сертификаты үшін қазынадан 325,3 миллион теңге жұмсалған. Биыл жалпы осы сертификатты табыстау үшін облыстық бюджеттен 480 миллион теңге бөлінген.

Облыстық басқарма таратқан ақпаратқа сүйенсек, тұрғын үй сертификатын беру бойынша Орал қаласы көш бастап тұр. 189 оралдыққа 235,5 миллион теңге берілген. Сырым ауданында ауданында бір адам 1,5 миллион теңгеге сертификат алыпты. Қалған аудандарда тұрғын үй сертификаты жандардың саны әртүрлі: 

  •  Ақжайық ауданы - 10 миллион теңгеге 8 тұрғын үй сертификаты;
  • ·Бәйтерек ауданы - 8 миллион теңгеге 6 тұрғын үй сертификаты;
  •  Бөкейорда ауданы - 2,5 миллион теңгеге 2 тұрғын үй сертификаты;
  • Бөрлі ауданы - 23 миллион теңгеге 31 тұрғын үй сертификаты;
  • Жаңақала ауданы - 4,2 миллион теңгеге 4 тұрғын үй сертификаты;
  • Жәнібек ауданы - 8 миллион теңгеге 6 тұрғын үй сертификаты;
  • Казталов ауданы - 7,6 миллион теңгеге 6 тұрғын үй сертификаты;
  • Қаратөбе ауданы - 5 миллион теңгеге 7 тұрғын үй сертификаты;
  • Тасқала ауданы - 4 миллион теңгеге 3 тұрғын үй сертификаты;
  • Шыңғырлау ауданы - 2,3 миллион теңгеге 2 тұрғын үй сертификаты;
  • Теректі ауданы - 13,7 миллион теңгеге 12 тұрғын үй сертификаты беріліпті.