• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да 6 мыңнан астам бала ЖРВИ-мен ауырған

23 жүкті келіншекте ЖРВИ-мен сырқатаныпты.
БҚО-да 6 мыңнан астам бала ЖРВИ-мен ауырған
Сурет "ЖИ" (gemini) көмегімен жасалды

Бірінші қазаннан бастап Батыс Қазақстан облысында тұмаудың эпидемологиялық кезеңі басталды. Осы уақыт аралығында өңірде ресми түрде расталған тұмау дерегі тіркелмеген. Бұл туралы Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Тұмау ресми расталмаса да, денсаулығы сыр берген мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген. Олар жедел респираторлы вируспен сырқаттанған. Ауырған науқастардың 6075-сі 14 жасқа толмаған бала екен, 23 жүкті келіншек те осы вирусты жұқтырып алған.

Санитариялық-эпидемиолгиялық бақылау департаменті азаматтарға жеке бастың гигиенасын сақтап, қолды жиі жуып, бөлмелерді тұрақты желдетіп,  адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда сақтық шараларын ұстануға шақырады.