7 часов назад

БҚО-да киік мүйізін саудалағандар ұсталды

БҚО-да киік мүйізін сатқандар қолға түсті.

БҚО-да киік мүйізін сатқандар қолға түсті.
Фото @policebqo парақшасынан жүктелді

Батыс Қазақстан облысында киік мүйізін саудалағандар ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Тәртіп сақшылары Орал-Атырау тас жолында Toyota Alphard маркілі көлікті тоқтатқан. Темір тұлпардың жүк салғышында 291 дана киік мүйізі салынған екі қорап табылыпты. 

Мүйіздер 43 жасқа келген  Бөкей Ордасы ауданының тұрғынына тиесілі екені анықталды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp