Облыс орталығында 7-8 наурызда ауылшаруашылық өнімдері қойылған жәрмеңке өтеді. Бұл туралы Орал қаласының әкімдігі әлеуметтік желіде хабарлады. Жетінші наурызда жәрмеңке Ықсанов көшесінде, ал жексенбіде Жәңгір хан көшесі 52Б мекенжайында ұйымдастырылады. Іс-шара таңғы сағат тоғыздан, түскі бірге дейін өтеді деп күтілуде.