• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қаратөбеліктер 100% таза сумен қамтылды: Ауданда қандай өзгерістер бар?

Аудан әкімі Қаратөбеде атқарылған жұмыстарды баяндады.
Қаратөбеліктер 100% таза сумен қамтылды: Ауданда қандай өзгерістер бар?
Cурет "ЖИ" (chatgpt) көмегімен жасалды

Қаратөбе ауданында тұрғындар 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев Өңірлік коммуникациялар алаңында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтып берді. Атқамінер тоғыз айда аудан көлемінде атқарған жұмыстарын жіпке тізді.

Таза ауыз су және тұрғын үй мәселесі

Былтыр басталған ауқымды су магистралының құрылысы биыл тамызда аяқталып, Төлен, Сәуле және Қарақамыс ауылдарының тұрғындары сапалы суға қол жеткізді. Осылайша, аудан халқының ауыз суға деген қажеттілігі 100 пайызға қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топтарға арналған 30 пәтерді сатып алынған.

Мәдениет ошақтары мен жаңа нысандар

Ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуі үшін Аққозы мен Шөптікөл елді мекендерінде жаңа мәдениет үйлері мен спорт кешендері бой көтерді. Бұл үшін 1 миллиард 687,4 миллион теңге жұмсалды. Сондай-ақ жасөспірімдерге арналған жаңа балалар ойын алаңдары салынып, спортпен шұғылдануға жағдай жасалды.

Аудан орталығы қалай өзгерді?

Қаратөбе кентінің сәулеттік келбетін жақсартуға 100 миллион теңге бөлініп, ауыл кіреберісіне заманауи арка мен жарық шамдары орнатылды. Орталық саябаққа су бұрқақ пен домбыра мүсіні қойылып, мерейтойға орай жүздеген терек көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, экологиялық тазалықты сақтау үшін жеті ауылдық округтегі тұрмыстық қалдық полигондары толықтай қалпына келтірілді.