• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанда үй сатып алу көрсеткіші азайды

Ұлттық статистика бюросы өткен қыркүйекте жасалған сауда-саттық мәмілелерін жариялады.
Қазақстанда үй сатып алу көрсеткіші азайды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Өткен қыркүйекте ел аумағында баспана сатып алу азайған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Қыркүйекте 35 406 үйді алып-сату бойынша келісімшарт жасалған. Ал, тамызда бұл көрсеткіш 35807 құрапты. Сала мамандары алып-сату мәмілесі 1,1 пайызға кемігенін хабарлады. Жасалған мәмілелердің 27 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үйлерге тиесілі. Қыркүйекте қазақстандықтар бір бөлмелі пәтер алған.

Жер үйлердің саудасына келсек. Мұнда Ақтөбе облысы көш бастап тұр. Жалпы өткен айда сегіз мыңнан астам жер үйді сатып алу бойынша келісімшарт жасалған. 

Баспана сату бойынша мәміле санынан Алматы, Астана мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Ал, Ұлытау облысында өткен айда не бары 280 мәміле жасалған.