• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Маңғыстауда экологиялық заңнаманы бұзған компания 474 млн теңге айыппұл арқалады

Компания бұрғылау қалдықтардың жинақтау лимитін арттырған.
Маңғыстауда экологиялық заңнаманы бұзған компания 474 млн теңге айыппұл арқалады
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Маңғыстауда экологиялық заңнаманы бұзған компания миллиондап айыппұл арқалады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Прокурорлар таратқан ақпаратқа сүйенсек, «Buzachi Operating Ltd» компаниясының филиалы бұрғылау жұмыстарын жүргізу барысында қауіпті қалдықтарды жинақтау лимитін айтарлықтай арттырған. Бұрғылау қалдықтарының көлемі 513,2 тоннаға артық екені белгілі болды.

Заң бұзған компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 474 миллион теңге көлемінде айыппұл арқалады.

Главный баннер --> after article