Маңғыстауда заңсыз мұнай тасымалдағысы келген қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді.
Оқиға Жаңаөзен қаласына қарасты «Рауан» шағын ауданында тіркелген. Тәртіп сақшылары осы ауданда орналасқан өнеркәсіп ошағын қарап, ер адамды қолға түсірген. Осы өнеркәсіп аумағында мұнай құйылған төрт тонналық ыдыс табылыпты. Полиция қызметкерлері қара алтынның ыдысын тәркілеген.
Қазіргі таңда осы іс бойынша қылмыстық іс тіркелген. Тәртіп сақшылары мұнай өнімдері қайдан шықты және оны қайда жөнелтпек болғанын тергеп, оқиғаның мән-жайын анықтауы керек.