Социум
Назарбаев Сағынтаев үкіметінен отставкаға кетуді талап етті
Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында үкімет отставкасын талап етіп, кейін райынан қайтты деп жазады NUR.KZ. Фото akorda.kz сайтынан Президент министрлер кабинетінің жүйелік қателерін көрсетті. Мысалы, қаржы саласында банк құрылады, жұмыс істей бастайды, адамдар ақшаларын салады. Квазигосектор да қаржы салады, ал акционерлер ақшаны ұрлайды. "Ол үшін түрмеге отырғыза алмаймыз. Бүкіл әлемде солай. Олар қашады, біз қуамыз. Данияр (Ақышев - ұлттық банк төрағасы - ред.) басыңмен жауап бересің. Саған заң ұсындық, дара бақылау комитетін құрмақ болғанмын. Сен:"Жоқ, бақылауда ұстаймын" д