Культура
Орал қаласында дәстүрлі «Атамекен» ән фестивалі аяқталды
Ескендір Хасанғалиев, еліне деген шексіз махаббатын өнеріне өзек еткен дарын иесі. Кез-келген мәдени шара композитордың шоқтығы биік туындысы «Атамекенсіз» өтпейді. Осы әнмен аттас «Атамекен» ән фестивалі биыл Жайық жерінде 10-шы рет өткізіліп отыр. Халықаралық мәртебеге ие болып, жыл өткен сайын қанатын кеңге жайып келе жатырған дәстүрлі ән байқауына қатысуға тілек білдірушілер саны биыл 20-дан асты. Олар екі күн бойы өнерлерін ортаға салып, композитордың өз төрағалық еткен қазылар алқасының сынын өтті. Үздіктер Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өткен салтанатты жиында мараптталды. - Б