Экономика
Орал қаласының бюджеті 1,1 миллиард теңгеге ұлғайды
Қалалық мәслихаттың 23-ші кезектен тыс сессиясында бюджет нақтыланды. Онда облыс орталығындағы алтыншы көше жолына күрделі жөндеу мен қайта құруды бастауға 10 миллион теңге қаражат қарастырылғаны көрсетілген. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үдемелі технологияны қолдануға -200 миллион теңге, қала тазалығын қамтамасыз етуге 269 миллион теңге, қала көшелерін жарықтандыруды жаңғыртуға-173 миллион теңге қарастырылып отыр. Бұл жөнінде экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы мәлімдеді. -«Қаламызда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау» бағдарламасы шеңберінде т