Оралда сенбі күні азық-түлік өнімдері қойылған жәрмеңке өтеді. Бұл туралы Орал қаласының әкімдігі хабарлады. 12 сәуірде жәрмеңке таңғы сағат тоғыздан бастап, түскі сағат бірге дейін өтеді. Жәрмеңке тек Жәңгір хан көшесі 52Б мекенжайында ұйымдастырылады.
Қала әкімдігі кәсіпкерлерді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және қала тұрғындарын жәрмеңкеге қатысуға шақырады.