Оралда 24 сәуірде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мәлімдеді.

Бос жұмыс орындары қойылған жәрмеңке сағат 11:30-да басталмақ. Іс-шара Мәншүк Мәметова көшесі 81 мекенжайында ұйымдастырылады.

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық мамандары жәрмеңкеде 20-дан астам жұмыс беруші бос қызметін ұсынатынын айтады.