• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда айт намазы оқылды

Облыс орталығында үш мешітте бір мезетте айт намазы оқылды.
Оралда айт намазы оқылды
Медет Медресовтың фотосы

Орал қаласында Ораза айт намазы оқылды. Облыс орталығында орналасқан үш мешітте таңғы сағат 8.30-да айт намазы оқылды. Мейрамға байланысты қалада екі көше жабылды. Мыңдаған адам мешіттерде құлшылыққа жиналды.

Ораза айт – мұсылмандар үшін ең маңызды екі мейрамның бірі. Бұл күні қонаққа барып, мейман қарсылап, жақсы істер атқарып, өзгелерге көмектесу парыз саналады. Қазақ айтты үш күн тойлайды.