• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда ауылшаруашылық өнімдері қойылған жәрмеңке өтеді

Жәрмеңке 7 ақпанда ұйымдастырылады.
Оралда ауылшаруашылық өнімдері қойылған жәрмеңке өтеді
Фото "МГ" ақпарат агенттігінің мұрағатынан

Орал қаласында жетінші ақпанда ауылшаруашылық өнімдері қойылған жәрмеңке өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жәрмеңке сенбі күні таңғы сағат тоғыздан түскі бірге дейін болады деп күтілуде. Оны Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырады.

Ауылшаруашылық өнімдері қойылған жәрмеңке «Депо» базарында өтеді. Базар Әбілқайыр хан даңғылы 7/1 мекенжайында орналасқан.

Главный баннер --> after article