Оралда шілденің 25-сі мен 26-сы күндері ауылшаруашылық өнімдері қойылған жәрмеңке өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Сенбі күні жәрмеңке Ықсанов көшесінің бойынша ұйымдастырылса, жексенбіде Жәңгір хан көшесі 52Б мекенжайында өтпек. Акция таңғы сағат тоғыздан басталып, түскі сағат бірге дейін жалғасады.
Орал қаласының әкімдігі күннің аптап ыстығына байланысты жәрмеңкеде ет өнімдері, балық, құс етін сатуға рұқсат берілмейтінін хабарлады.