2019 жылы туған бүлдіршін анасымен бірге көлікке бара жатқан жолда аяғы арықтың бетін жапқан темір торға қысылып қалған. Өздігінен шыға алмаған балаға анасы жедел түрде құтқарушыларды шақырды. Оқиға Карбышев көшесінде болған.

Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметкерлері арнайы гидравликалық құралдың көмегімен темір торды абайлап кеңейтіп, баланың аяғын аман-есен шығарып алды.