06 сентября 2019

Оралда жаңарған кітапхана оқырмандарға табысталды

Қала күніне орай тапсырылған нысандардың бірі осы болды. Зашаған кентінде орналасқан кітапхана өткен ғасырдың сексенінші жылдарында бой көтерген екен. 4000-дай оқырманға қызмет көрсететін нысанды жөндеуге 7 млн. теңгеден аса қаражат жұмсалған. Жаңғыртылған соң заман талабына сай қажетті техникамен, керек-жарақпен жабдықталып отыр. Кітап құмарларға арналған рухани мәдениет ошағы коворкинг орталығының қызметінде қатар алып жүретін болды. Жібек бау қиылып, ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Абат Шыныбеков бұл рухани азық алар орын болады деп ойлаймын. Жастарға жағдай жасалып жатыр. Бәрі елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуындағы атқарылып жатқан игі істердің бірі ғана деп атап өтті. Айта кетейік облыс орталығында осындай 4 кітапхана жөндеуді қажет етеді. Жалпы 19 рухани азық берер кітапхана жұмыс жасауда. -«Кітапхана қызметін бұрынғыдай тегін қолдана бересіздер. Тек ол бірнеше алаңға бөлініп отыр. Оқырманға ыңғайлы жиһазбен жабдықталып, ғаламторға қосылды. Балалар тынығатын орында тоғызқұмалақ, сашка ойнауына жағдай жасалған»,-дейді Орал қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Райхан Зейнетқызы. Арман КУРМАНАЛИЕВ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp