Қазір адамды ақтық сапарға шығарып салу бәсекеге айналғандай. Әрине, қалтасында пұлы бар адамның дүркіретіп садақа жасауына ешкім қарсы бола қоймас. Бірақ бүгінгі таңда марқұмның асына деп несие алып, садақаға шалынатын ірі қара малды қарыз алып жатады. Садақаның дастарханында аста көк мол дастархан жайылады. Тіпті той мен садақаның ас мәзірін ажырата алмайтын күнге жеттік.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қаралы жиынға арналған дастархан мәзірін жасақтады. Ол мәзірде дастархан басында жеті түрлі тағам түрін қоюға ұсынылған. Бірақ бұл ұсынысты елеп-ескеріп жатырғандар аз сияқты. Жеміс-жидек, тіскебасар мен шай ішуге арналған десерт пен салаттың бірнеше түрін садақа дастарханынан дәм татуға болады. Көңіл айтуға келген жандар тамаққа тойып, кейде ішкен асын сынға алып жатады. Қымбат тағамдар қойылған дастарханда көп ас ысырап болып жатады. Бұл істі имамдардан сұрап көрдік. Имамдар садақа дастарханы мен жерлеу рәсіміне байланысты не дейді?
— Қазақстан діни мұсылмандар басқармасында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» деген кітап басылымға шықты. Сол кітапта Шариғат бойынша адам баласын жерлеу рәсімі қалай өту керектігі тәртіппен жазылған? Біздерде Қазақстанда бекітілген барлық мешіттердегі имамдар да сол тәртіп бойынша жаназа шығарады. Кейбір сырттан келген өзін имам немесе молда деп таныстырған адамдар кейбір дәстүрлерді орындауда қателіктер болуы мүмкін. Бірақ Шариғаттың шеңберінде жүрген имамдар ондай нәрсеге бармайды. (...) Шариғатта адам қайтқан уақытта ысырапшылдыққа жол беру туралы айтылады. Себебі ысырамшылдық Құранның бірнеше аятында Аллаға ұнамсыз іс деп айтылады. Сол үшін адам қайтіп жатқан уақытта Ас берген уақытта ысырапшылдыққа жол бермек керек. Адам қайтқан уақытта бәрінің ойы: «Қандай мал соямыз?», «Садақаны қай мейрамханада өткіземіз?», «Кім өткізеді?», «Құдалар келді ме?» деген сауалдарды ойлап, талқылап, сүйек жайында қалады. Қайтқан адамның туыстары дастарханды көп ойлайды. Ал, дінімізде қаралы үйге ауырпалық салмау айтылады. Қиналып, қайғыдан қан жұтып отырған отбасының үйінен ошақ түтіндемеу керек деп айтылады. Бұрынғы кезде адам қайтқан уақытта марқұмның көршілері мен ағайын-туыстары дастархан әзірлейтін. Бірақ ол үйде емес. Ол үйдегі адамның қаралығы сезілеуі керек. (...) Адам садақаны мүмкіндігіне қарай өткізу керек. Муфтиямызда бекітілген ас мәзірі бар. 13 тағам бекітілді. Сол бойынша өткізу керектігі айтылады. Қазір той мен садақаның айырмашылығы қалмады. Қазір той жасадың не садақа жасадың не екеуі бір. Тек Құран оқылады демесеңіз, жайылатын дастархан бір. Адам садақаға келгенде тамақ ішу үшін, ол дастарханды сынау үшін келмейді. Төбе көрсетіп, көңіл айту үшін келеді. (...) Біздің халықтан да бар. Келгенде әкесі қайтқанда ірі қара соя алмады, дастарханы анау деп айтады. Садақаға сынап бармау керек! Көңіл айту үшін бару керек, - деді имам Бағдат Шақаев.