Балақай экскаваторды тізгіндеп желі жұлдызына айналды. Желі қолданушыларының бірі оқиға Шымкент қаласында болды десе, енді бірі Алматы облысында болғанын айтады. Олар ер баланың жолаушылар жолағының маңында жер қазып тастағанын жарысып жазуда.
Оқиға орында таспаланған видеодан іс-әрекетіне таңдалып тұрған баланы, бірнеше полиция қызметкері мен ересектерді көруге болады. Алайда жасөспірімнің алып экскаваторды қалай айдап, сол мезетте ересектердің қайда болғаны беймәлім.