• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

TikTok-та боқтаған оралдық тұрғын жауапқа тартылды

Орал қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде бейәдеп сөз айтқаны үшін 10 тәулікке қамалды.
TikTok-та боқтаған оралдық тұрғын жауапқа тартылды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

TikTok-та боқтаған азаматтарды боқтаған оралдық тұрғын жауапқа тартылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады. Тұрғынның ісі Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі әкімшілік сотында қаралды.

Желі қолданушысы масаң күйде тікелей эфирге шығып, көрермендердің сауалына жауап беріп, балағат сөздер айтқан. Тиктокер өзінің кінәсін мойындап, ауыр жаза тағайындамауды сұрапты.

Судья әлеуметтік желі қолданушысының ісін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 434 бабының бірінші бөлігі бойынша ұзақ бұзақылық деп саралап, оған он тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.