• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Жеке шотына 35 млн теңге аударған: Атырауда «ҚАЖсервис» есепшісі сотталды

Атырауда "ҚазАвтоЖол" АҚ еншілес мекемесінің бас есепшісі 35 млн теңге жымқырған
Жеке шотына 35 млн теңге аударған: Атырауда «ҚАЖсервис» есепшісі сотталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Атырауда "ҚазАвтожол" Ақционерлік қоғамының еншілес мекемесінің бас есепшісі қыруар қаржы жымқырып, сотталды. Бас көлік прокуратурасы "Кажсервис" мекемесінің есепшісі 35 миллион теңгені қолды қылды деп хабарлады. Қаражатты жымқырған маман заңсыз төлемдерді есептеп, олардың ақысын өзінің есепшотына аударып отырыпты.

Іс Атырау қаласының №2 сотында қаралған. Сот бас есепшіні Қылмыстық кодекстің 189 бабы, төртінші бөлігі мен екінші тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Судья есепшіге бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды. Және есепші бес жылдай материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметпен айналыса алмайды.

- "ҚАЖсервис" ЖШС-нің материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды, - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының ресми өкілі Альмира Бекжан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.