• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қарызы бар адамның жаназасы шығарылады ма?

Батыс Қазақстан облысы "Ар-Рахман" мешітінің наиб имамы Бағдат Шақаев көпті толғандырған сауалға жауап берді.
Қарызы бар адамның жаназасы шығарылады ма?
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазіргі таңда біреуге қарыз немесе несиесі жоқ жандардың қарасы аз. Кез-келген адам өмірінің қай сәтте үзілетінін білмейді. Кейде тығырыққа тірелген адам қарызын қарызбен жауып, өмір сүріп жүреді. Бірақ ажалдан күшті ешкім жоқ. Борышкерлердің жаназы қалай шығарылады? Қарызы бар адамдардың жаназын шығару үшін қандай талап қойылады? Асыл дініміз Исламда қандай шарттар бар? Осы сауалдарымызды Батыс Қазақстан облысының «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы Бағдат Шақаевтан сұрап білдік. Имам бүй дейді:

- Әкесі қайтса, қарызы өтеу баласына міндет болады. Жаназада имам: «Марқұмның қарызы бар ма еді?», деп сұрайды. "Егер сіздің қарызыңыз болса, марқұмның баласы тұр, сол бережақты мойнына алады", деп айтады. Қарызды біреу мойнына алу керек. Немесе "сіздер қарыз болсаңыздар, марқұмның баласына беріңіздер", деп болады, деп екі тараптан да сұралады.Егер балиғат жасына жетпеген баланың қарызы болса, оны Аллаға тапсырып, қарыз кешіріледі деп білеміз. Балиғат жасқа толғаннан кейін адамда қарыз болса, ол мойынында кетеді. Сол үшін не артындағы туысы, не туған бауыры марқұмның қарызын алу керек болады.Өмірден өткен адамның бережағы болса, біреу мойнына жауапкершілікті алуы керек. Егер қарыз сұрайтын адам болмаса, оның мойнында кетеді деп айтады. Барлығынан сұралады, тек ер азамат қарызды мойынына ала алады ғой, - деп айтты наиб имам Бағдат Шақаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Мой город» ақпарат агенттігінің тілшілері көпті толғандырған, қоғам арасында біраз талқы болған садақада жайылатын дастархан тәртібіне жайлы Батыс Қазақстан облысының «Ар-Рахман» мешітінің наиб имам Бағдат Шақаевтың сұқбатын жариялады. Имам садақаны ұйымдастыру тәртібі мен ысырапқа жол бермеу керектігі жайлы айтты.