1979 жылы 18 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауданы, Қособа ауылында дүниеге келді. Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі-жоғары. Облыстық мәслихат депутатына кандидат. №15 сайлау округі бойынша Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутатына кандидат ретінде сайлауалды бағдарлама.

Жаңа адам!
Жаңа қадам!
Жаңа шешім!
Қымбатты жерлестер!
Менің сайлау науқанындағы басты бағытым - облыс халқының мүдделері болып табылады. Өңіріміздегі іргелі жоғары оқу орны Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жоғары білім беру саласының 20 жылдық тәжірибесі бар қызметкері бола отырып, халықтың сенімін алу-зор абырой мен жауапкершілік деп сеніммен айта аламын.
Егер сіздер маған сенім білдіріп, облыстық мәслихатқа өз өкіліңіз ретінде сайласаңыз, менің жұмысым Батыс Қазақстан облысының өзекті мәселелерін шешуге бағытталатын болады. Менің сайлауалды бағдарламам:
- Мал шикізаттарын өңдейтін жаңа кәсіпорындар ашуға ықпал ету. Кіші бизнесті дамытуға қолдау көрсету;
-Тұтынушыларға сапалы мал өнімдерін жеткізу жұмыстарын қадағалауды жетілдіру;
- Ветеринария саласын дамытуға үлес қосу;
-Халыққа әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын қадағалау. Аз қамтылған отбасылардың, қарттар мен мүгедектердің тұрмыс жағдайларын тұрақты түрде назарда ұстау. Мұқтаж жандарға көмек ұйымдастыру.
-Уақыт талабына сай жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағытында жұмыс жасап, Жастар ісі сияқты қоғамдық ұйымдардың жұмысын дамыта отырып, мемлекеттік басқарудан халықтық басқаруға қол жеткізу. Жергілікті жерлерде қоғамдық бақылауды енгізу арқылы халықтың елдегі жағдайға ықпалын арттыруға қол жеткізу.
ҚАДІРМЕНДІ САЙЛАУШЫЛАР!
ЖЕРЛЕСТЕРІМДІ АЛДАҒЫ САЙЛАУҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫН!
БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА ЕКЕНІН ҰМЫТПАҢЫЗ!
Құрметпен, Нұрғалиев Біржан Елубайұлы
Кандидат Б. Е. Нұрғалиевтың Республикалық бюджет қаражатынан төленді.

Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании