2 часа назад

Шекарада кезек көп: Қазақстан-Қытай шекарасында 1500 жүк көлігі кезекте тұр

Қазақстан мен Қытай шекарасында жүк көліктерінің бірнеше шақырымдық кезегі пайда болды

Шекарада кезек көп: Қазақстан-Қытай шекарасында 1500 жүк көлігі кезекте тұр
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазақстан мен Қытай шекарасында шамамен 1500 жүк көлігі жиналды деп хабарлайды Dalanews.kz қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствода хабарлағандай, 2025 жылғы 22 қазанда Үрімші қаласында өткен Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының шекаралас кеден органдары басшыларының кездесуі барысында қытай тарапынан күн сайын кемінде 800 автокөлік қабылдау жөнінде келісім берілгені, ал биылғы жылдың соңына қарай бұл көрсеткішті кезең-кезеңімен 1000 бірлікке дейін арттыру жоспарланғаны айтылды.

Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, тасымалдау процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін Электрондық кезек жүйесіндегі  лимиттер ұлғайтылды.

— Алайда 2025 жылғы 8–11 қараша аралығында қытай тарапынан қабылданған нақты автокөліктер саны күніне орта есеппен 700–750 бірлік болған, бұл Қазақстан жағында көліктердің уақытша шоғырлануының басты себебі болып отыр. Қосымша, көрші өтпелі бекет «Қалжат» – «Дулаты» аумағында инспекциялық-тексеру кешенін монтаждау жұмыстары жүргізіліп, шамамен бір аптаға созылған. Аталмыш кезеңде осы бағыттың өткізу қабілеті шектелген, және көліктердің бір бөлігі «Нұр жолы» бағытында бағытталған, бұл инфрақұрылымға қосымша жүктеме тудырған,-деп хабарланды.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp