• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Пойызда қызмет көрсететін мейрамханалар Рамазан айында жаңа жұмыс кестесіне көшті

40 пойыз мейрамханасы жаңа кестеге іске қосылды.
Пойызда қызмет көрсететін мейрамханалар Рамазан айында жаңа жұмыс кестесіне көшті
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің фотосы

Қасиетті Рамазан айында пойызда қызмет көрсететін мейрамханалар жаңа жұмыс кестесіне көшті. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы хабарлайды. Жаңа кестеге 40 мейрамхана көшкен. Бұрындары вагон-ресторандар күн сайын сағат таңғы сегізден түнгі он екіге дейін жұмыс істеген еді. Ораза ұстаушы жандарға ыңғайлы болу үшін мейрамханалар жұмысын таңғы төрт-бесте бастайды.

— Рамазан айында вагон-ресторандарда арнайы әзірленген мәзір топтамалары ұсынылады. Ауызашар кезінде вагон-ресторандарда жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі. Бұл уақытта пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды, – деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Главный баннер --> after article