Оралда дәмхана рұқсатсыз алкоголь өнімдерін саудалапты. Кәсіп иесінің заңсыз саудасы рейд барысында анықталды. Облыстық полиция департаментінің таратқан ақпарына сүйенсек, заң бұзған кәсіп иесі айыппұл арқалапты. Тәртіп сақшылары дәмханадан 77 ішімдік шөлмегін тәркіледі.

– 2026 жылғы 23 ақпанда кешкі уақытта облыс орталығы– Орал қаласы аумағында өткізілген рейдтік іс-шаралар барысында заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі анықталды. Назарбаев даңғылы бойында орналасқан дәмханалардың бірінде тиісті рұқсат құжаттарынсыз алкоголь өнімдерін сату жүзеге асырылғаны белгілі болды, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.