Семейде сталкерге үкім шықты. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады. Сайт таратқан ақпаратқа сүйенсек, сотталған азамат төрт ай бойы әйел адамның артынан қалмапты. Ол жәбірленушіге жүйелі түрлі месенджерлер арқылы хабарласып, жұмысы мен үйіне барып, психологиялық қысым көрсеткен. Зардап шеккен әйел полицияға арыз беріп, іс бір күннің ішінде сотқа жолданыпты. Сот талқылауы барысында айыпталушының кінәсі дәлелденген.
Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 115-1 бабы бойынша кінәлі деп тапқан. Оған 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындады. Сондай-ақ, сотталғанның мінез-құлқына он ай мерзімге ерекше талаптар белгіленіпті.