Администрация сайта «Мой ГОРОД»: информационное агентство «mgorod.kz». Собственник: ТОО «Медиастарт 2012». Свидетельство о постановке на учёт ППИ №KZ55VPI00069267 от 28.04.2023 года, выдано МИОР РК. Дата и номер первичной постановки на учёт №16487-ИА от 04.05.2017.
Директор: Нигметов А. Главный редактор: Кайнеденова А.Б.
Материалы, опубликованные со знаком R, а также под рубриками «Новости компаний» , «Бизнес» и «Выборы» носят рекламный характер. Ответственность за них несёт рекламодатель.
Орал қаласында "Жастар" алаңы қолданысқа берілді
Спорт нысанының салтанатты түрде ашылуына облыс әкімі Алтай Сейдірұлы қатысып, өңір спортшыларына су жаңа стадионды табыстады. Жалпы аумағы 7900 шаршы метрді құрайтын стадионның құрылысына 1 млрд. теңгеге жуық қаражат жұмсалған болатын.
-«Астананың 20 жылдығына орай бұл стадион тұрғындардың игілігіне беріліп отыр. Осыдан үш жыл бұрын стадионды күрделі жөндеуден өткізу туралы мәселе көтерілген еді. «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясынан бір миллиардқа жуық қаржы бөлінді. Құрылысшылар көп еңбектенді. Осы жұмыстардың барлығы спорттың инфрақұрылымын дамытуға бағытталып отыр. Елбасы бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірқатар бағдарламалар енгізді. Біздің өңірімізде спорт саласындағы инфрақұрылым дамып келеді. Былтыр Ақсай қаласында спорт кешені салынып, тұрғындардың игілігіне берілді. Екі жылдың ішінде Орал қаласында 50 аула абаттандырылып, 20 спорт алаңы салынды.Өңірімізден чемпиондар шығады деген үмітіміз зор. Елорданың 20 жылдығы құтты болсын!»-деді салтанатты шарада сөз алған Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов.
Стадион жылдың барлық маусымында жұмыс жасайтын болады. + 10 градусқа дейінгі температурада ерімейтін заманауи инновациялық мұз айдыны төселеді. Енді өңір хоккейшілері 8 ай бойы шеберліктерін өз алаңдарында шыңдауына мүмкіндік бар. Бұл үлкен додаларда ауқымды жетістіктерге жетуге жол ашары сөзсіз.
-«Бұрын бізде мұз айдынында дайындалуға мүмкіндік болмады. Сондықтан жаңа алаңның ашылуына қатты қуанып жүрміз. Ойын сапасына әсерін тигізеді деп ойлаймын»,-дейді хоккейшілердің бірі- Нұрбол Бөкешев.
Спорт нысандарының көптеп ашылуы-халыққа салуатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортпен айналысуға жағдай жасаудың бір көрінісі деуге болады.
-Аймақтағы спорт ардагерлері осындай стадионды 42 жыл күтті. Елімізде теңдесі жоқ ашық аспан астындағы жалғыз стадион деп айтуға әбден болады»,- дейді «Ақжайық» СК директорының орынбасары Армат Мендешев.
Салтанатты шара барысында Виталий Немолочныйға Батыс Қазақстан облысы бойынша тұңғыш рет допты хоккейден Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы атағы берілді. Елімізде теңдесің жоқ мұз айдыны бар стадионды салған мердігер компания басшылығы "Жастар" стадионына 10 коньки мен 10 доп сыйлады.
Арман КУРМАНАЛИЕВ