Бөрлі ауданында 3 оқу орны жұмысшы мамандарды даярлайды

Екі оқу орны мемлекеттік, біреуі-жекеменшік екен.

Бөрлі ауданында 3 оқу орны жұмысшы мамандарды даярлайды
Сурет "ЖИ" көмегімен жасалды

Президент пәрменімен 2025 жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл жұмысшы мамандардың мәртебесін көтеріп, еңбек адамына құрметті күшейтпек. Және жастардың жұмысшы мамандықтарда оқуына түрткі болуы үшін жасалған қадам. Елдің түпкір-түпкірінде жұмысшы мамандарды даярлау мен оларға құрмет көрсету үшін түрлі іс-шаралар өтуде.

Қазіргі таңда жас мамандарды жұмысшы мамандарды даярлау ісі күн тәртібінен түспейтін сауал екені баршаға мәлім.

Бөрлі ауданында үш оқу орны еңбекке қажетті мамандарды даярлайды. Бөрлі ауданы әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқу орындарының екеуі- мемлекеттік колледж, біреуі -жекеменшік.  Аудан орталығында орналасқан Ақсай техникалық колледжінде алты мамандық бойынша 300 жуық студент білім алуда. Олар электр жабдықтары,  дәнекерлеу ісі, ауыл шаруашылығын  механикаландыру, тамақтандыруда  ұйымдастыру,  мамандықтары автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, мұнай газды қайта өңдеу технологиясын меңгеруде. 

Ал, Бөрлі колледжінде 450-ге жуық жас оқиды. Студенттер электрмен қамтамасыз ету, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету жөндеу және пайдалану, ландшафттық дизайн, орман шаруашылығы, мұнай  мен газды қайта өңдеу технологиясы мамандығында білім алады. 

«Батыс өндіріс құрылыс сервис» мекемесінде балташы, ағаш конструкцияларын құрастырушы, жүк ілгеуші, бетоншы, оқшаулаушы, слесарь, электр монтер, дәнекерлеуші мамандығы бойынша оқытады.

Бұдан өзге аудан көлемінде екі қолға бір күрек таба алмай жүргендерге арналған қысқа мерзімді курстарға оқыту мәселесі жолға қойылыпты. Өткен жылы Бөрліде 35 жұмыссыз кәсіптік оқу оқып, жаңа мамандықты иегеріпті. 2025 жылы да 35 аудан тұрғынын он мамандық бойынша қысқа мерзімді курс бойынша оқыту жоспарланған. 

Қазіргі таңда Бөрлі ауданында 30 мыңға жуық адам жұмысшы маман болып тер төгеді. Олар ауданның әлеуметтік дамуы мен экономикасын дамыту үшін білек сыбана жұмыстанып жатыр. Аудан көлемінде бір кәсіпорында жанұяның бірнеше мүшесі еңбектенуде. Мысалы, Кужахметовтар отбасы «Лигабуе Центральна Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейді. Ал, Шуиншалиевтар жанұясы «Аксайавтотранс» акционерлік қоғамында, Балуанғалиев әулеті «КИОС» мекемесінде қызмет атқарады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл өндіріс ошағына айналған Бөрлі ауданына құрылғаны 90 жыл толды. Мерейтойды бөрліліктер кең көлемде атап өтті. Тіпті, Қарашығанақ стадионында қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Ақсайда концерт беріп, тұрғындар үшін отшашу да ұйымдастырылған-ды. 

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp