8 часов назад

Биыл Бөрлі ауданында 355 мәдени- көпшілік іс-шара өтті

Ең ауқымда шаралар ауданның 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Биыл Бөрлі ауданында 355 мәдени көпшілік іс-шара өтті
Бөрлі ауданы әкімдігінің видеосынан стоп кадр

Биыл Бөрлі ауданында 355 мәдени-көпшілік шара өтті. Оны 1500 астам көрермен тамашалапты. Бұл туралы Бөрлі ауданының әкімдігі хабарлады.

Биыл Бөрлі ауданының құрылғанына 90 жыл толды. Торқалы той бөрліліктер кең көлемде атап өтті. Іс-шаралар екі аптаға жалғасты. Оның мақсаты ауданның тарихы мен мәдениетін дәріптеуді, өнер мен шығармашылықты қолдау. Сондай-ақ елдің дамуына сүбелі үлес қосқан жандардың да еңбегі еленді.  

11 тамызда мерейтойлық шаралар «Бөрлі кеңістігі» атты суретшілер симпозиумынан басталды. Қылқалам шеберлеріне арналған шара Бөрлі жерінің табиғаты мен рухани келбетін бейнелеуді мақсат тұтқан. Симпозиум «Наурыз» саябағында ұйымдастырылды.  Суретшілер ашық аспан астында өз туындыларын салуға мүмкіндік алды, - деп хабарлады Бөрлі ауданының әкімдігі.

Ал, 14 тамызда симпозиум аясында дүниеге келген картиналарды тұрғындар тамашалады. Аудан орталығында «Бөрлі кеңістігі» атты көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында «МЕГА МАРАПАТ - 2025» марапаттау рәсімі де өтті. Бұл кеште ауданның әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан жомарт жандар арнайы номинация бойынша марапатталды. Іс-шара «Арман» мейрамханасында өтті. Бұл кеште «Мерейлі отбасы» байқауында жеңімпаз атанған жанұяға құрмет көрсетілді. Салтанатты кеш қонақтарына Бөрлі ауданының демалу орталығының көркем өнерпаздары көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Суретшілер симпозиумынан бөлек, 19 тамызда  аймақтық вокалды-аспапты ансамбльдер фестивалі ұйымдастырылды. Ол іс-шараға Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облысы, Орал мен Бөрлі ауданының өнер ұжымдарды қатысқан.Фестиваль барысында өнер ұжымдары сахнада өзара тәжірибе алмасып, көрермендерге музыкалық кеш сыйлайды.

—Бұл фестиваль – өнер арқылы өңіраралық байланысты нығайтатын маңызды мәдени алаң,-деп атап өтті Бөрлі ауданының әкімдігі.

Бөрлі ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай іс-шаралар легі Ақсай қаласында «Қарағашынақ» спорт кешенінде «Туған күніңмен, Бөрлі» атты гала-концертпен аяқталды. Мерекелік кеш аудан тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жергілікті өнерпаздармен қатар, бұл кеште танымал әншілер Дәурен Сейітжанов, Қуандық Рахым, IL`XAM, Әлішер Қонысбаев, Jazzdauren ән салды.

Мерекелік кеш отшашумен аяқталды. Осылайша, облыс орталығының солтүстік-шығысында орналасқан Бөрлі ауданының торқалы тойы ел есінде қалды. Концерт көрген бұқара алған әсерімен әлі күнге дейін әлеуметтік желіге жазып, кеште түсірген фото мен бейнежазбасын толассыз жариялады.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp