Оралда балалардың жазғы демалысты ұйымдастыруға 47 млн. теңгеден аса ақша бөлінген

Қала мектептеріндегі лагерлер жұмысын бастап кетті, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталының тілшісі.  Сала мамандарының айтуынша, биыл шаһарымыздағы 46 мектепте тамақтануы ұйымдастырылған лагерлер ашылып, жалпы 5680 баланы қамту көзделіп отыр. Білім беру бөлімі «Мирас», «Рахат» шатырлы лагерлерін де ұйымдастырып, 51 мектептен 1700 балаланы қабылдамақ. Бұл лагерлер 9 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар, «Қайсар» патриоттық лагері өзгеріс енгізіп, әскери бағытқа оқуға түсуді қалайтын балаларға демалыс ұйымдастыруды қолға алған. Сонымен осы жылы қала бойынша 23 мыңнан астам бала мектеп жанындағы лагерлерде демалатын болды. «Нақтырақ айтар болсақ, жазғы демалысты ұйымдастыруға 47 млн. 457 мың теңге бөлінді. Тамақтану ұйымдастырылған 46 лагерден өзге, 51 мектепте тамақтанусыз демалыс қарастырылған. Бұл жерде 23 150 бала демалысын өткізеді. Сонымен қатар биыл қаланың №6, №17, №26 мектептерінде 100-де аса балаға арналған шатырлы лагерлер жұмыс жасайды»,-дейді Орал қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Мәншүк Қараева. Ал «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында үш ай бойы лек бойынша 1500 оқушы демалады деп жоспарланған. Жазғы демалыстың қауіпсіз ұйымдастырылуы үшін білім беру мекемелерінің жазғы лагерь басшылары және жауапты тұлғалардың қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтан өтуі қадағалауда. Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp